Алматыда екі күн бұрын ұсталған азаматтық белсенділер 2 айға қамалды. Украина Ливаннан 134 азаматын эвакуациялады. Қазақстан неге ойланып отыр? Иран Израильге зымыран жаудырды. Тель-Авивтің Тегеранға жауабы қандай болмақ?
Украина президенті Зеленский майдандағы жағдай қиын деп мәлімдеді. Ал қазір Украина мен Ресей әскері Донбасс аймағында кескілескен шайқас жүргізіп жатыр. Бұған қоса, Ресей Украинаның Херсон қаласын ракетамен атқылап, бірнеше адам қаза тапты.
Саяси қудалау ма? Алматыда АЭС салуға қарсы пікір айтып жүрген азаматтық белсенділер ұсталып жатыр. Риддерде АЭС-ке қарсы митинг өткізбек болған тұрғынға жергілікті әкімдік рұқсат бермеді. Украинада қастандықтан қаза тапқан Айдос Садықовтың өліміне күдіктілерді Қазақстан неге бермей отыр?
Әскерге сау барып, «жұмбақ жағдайда» комаға түскен Ербаян Мұхтарды ата-анасы Түркияға алып кетті. Міндетті әскери қызметті алып тастау туралы петицияға қорғаныс министрлігі жауап берді. Украина президенті АҚШ-та экс-президент Дональд Трамппен кездесті. Зеленский сапары сәтті болды ма?
- Президент Тоқаев ҰҚК басшылық құрамын неге өзгертіп жатыр? Бұл органға халықтың сенімі бар ма? - Қаңтар қырғынында жақындарынан айырылған адамдар Бас прокуратурадан не талап етеді? - Дубайдан үй алған қазақ депутаттары кім? Азаттық зерттеуінің үшінші бөлімі жарық көрді.
Алматыда Almaty Management University студенті суицид жасап көз жұмғаны хабарланды. Суицид жөнінде халықаралық ұйымдар рейтингінде Қазақстан үнемі алдыңғы қатарда. Елде жыл сайын 3 мыңнан аса адам өзіне қол салады. Жасөспірімдердің суицидке баруына мобильді ойындардың ықпалы бар ма?
Таяу Шығыста тағы бір үлкен соғыс басталуы мүмкін. Израиль Ливан жерін бомбалап жатыр. Украина президенті соғыс көпке созылмауы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше алдағы бірнеше ай өте маңызды. Америкалық компанияның зерттеуіне ілігіп, басы дауға қалған Kaspi банкке Қазақстан үкіметі араша түсті.
«Жеңіс жоспарын» құшақтаған Украина президенті АҚШ-та жүр. Сақтық па, қорқыныш па? Астанада президент отыратын Ақорда резиденциясын тағы бір қабат айналдырып қоршап жатыр. Будапештте өткен бүкіләлемдік олимпиада ойындарында Қазақстанның шахматшы қыздары күміс жүлдеге қол жеткізді.
Алматылық журналист Қойшыбек Мүбарак — Qazaq Times сайтының бас редакторы. Ол Қаңтар оқиғасынан кейін бірнеше қаланың арасында қатынап, соттардан хабар таратты. Журналист 92 мыңнан аса қолданушы жазылған Youtube-арнасына жариялап жүрген видеоларды өзі түсіреді.
1989 жылы қыркүйектің 22-і күні Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданған болатын. Заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі – ұлтаралық тіл деп бекітілді. Бірақ қазір қолданыстағы, 1997 жылы қабылданған тіл туралы заңда бұл бап алынып тасталған.
Абай облысы Аягөз ауданындағы әскери бөлімнің офицері үйінде дарға асылып тұрған жерінен табылды. Әскерде неге өлім көп? Қорғаныс министрлігінің генералдары оны қалай түсіндіреді? Украинаға Ресей тағы да әуеден шабуылдады. Путин дронды көбейтпек. Зеленский «жеңіс жоспарын» АҚШ-та таныстырмақ.
Ливанда пейджер мен рациялардың жарылысынан мерт болғандар 40-қа жуықтады. Жараланғандар мыңдап саналады. Алматыда бірнеше кәсіпкер экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әулетін айыптап, жиын өткізді. "Дубайдағы Қазақстан". Азаттық зерттеудің екінші бөлімін жариялады.
Қазақстан билігі АЭС салуды насихаттайтын науқанға әнші-әртістерді жұмылдырған.
Украина президенті «Курскідегі ахуал жоспар бойынша жүріп жатыр» деді. Астанада «Орталық Азия+Германия» саммиті өтті. Сауда-саттық бас тақырыпқа айналған жиында адам құқығы неге әңгіме болмады? Еуропаның орталығы мен шығысын үздіксіз жауған жаңбырдан соң тасқын су жайлады.
– Ресей жексенбі күні Украинаның Харьков қаласына авиабомба тастады. Қырықтан астам адам зардап шекті. – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ресейдің жеңілмейтіні анық» деп мәлімдеме жасады. – Германия канцлері Орталық Азиядан не іздеп жүр?
– Украина мен Ресей жұмаға қараған түні бірін-бірі дронмен атқылады. – Ресей президенті Батысқа тағы да сес көрсетті. Путинге Ұлыбритания премьер-министрі Стармер жауап берді. – АҚШ Ресейді зымыранмен атқылауға рұқсат етсе соғыстың сипаты өзгере ме?
Тағы